«Ата заң — мемлекеттің негізі» атты патриоттық кеш

Кез келген зайырлы елдің даму бағыттарын белгілейтін басты құжаты — Ата заңы.
Осыдан 29 жыл бұрын бүкіл халықтық референдумда кең байтақ Қазақстанның көп
ұлтты халқы өзінің егемендік құқығын барша әлемге паш етіп, көптеген елдермен
терезесі тең, іргетасы мықты демократиялық жолмен дамып келе жатқан мемлекет
екендігін танытты. Сөйтіп 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының
Ата заңы өмірге келді. Осыған орай, Қалмұқан Исабаев атындағы орталық аудандық
кітапханасының ұйымдастыруымен «Жас Даурен» облыстық оқыту сауықтыру орталығының
оқырмандарымен «Ата заң — мемлекеттің негізі» атты патриоттық кеш өткізілді.