Қазақ ауыз әдебиетінің кең тараған түрінің бірі мақал‐мәтелдер,
ұрпақтан ұрпаққа жеткен халық мұрасы, мұнда даналық ой, тәлім‐тәрбие.
Осындай рухани мұрамызды насихаттап, жас ұрпаққа халық даналығының
мағынасын жеткізу мақсатында, Үшқұлын ауыл кітапхансында, кішкентай
оқырмандарымыздың қатысуымен «Мақал‐мәтел білгірі» атты әдеби
мақал‐мәтел сайысы өткізілді. Шарамыздың қызықты бөлімінің бірі
жаңылтпаштар оқу. Жас оқырмандарымыз белсене қатысып,
қызығушылық танытты.