Сәтбаев ауыл кітапханасында талантты режиссер, актер, КСРО халық әртісі, қазақ
киноөнерінің негізін қалаушылардың бірі Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл толуына
орай “Шәкеннің шыңы” атты әдеби кеш өткізілді. Мұнда Шәкен Аймановтың өмірі мен
шығармашылығы жайлы жаңадан жарық көрген “Сұңғыла” кітабының таныстырылымы өтті.
Кітапта Шәкен Айманов туралы О.Сүлейменовтың, Ә.Кекілбаевтың, А. Әшімовтың,
К.Кенжетайұлының, Б.Төлегенованың, Ә.Таразидин, Ә.Сығаевтың және басқа да өнер
адамдарының әр жылдары жазылған естелік мақалалары кірген. Онда атақты жерлесіміздің
қазақ халкының кино өнеріне қоскан ұланғайыр еңбегі мен ғұмырының соңына дейін
тынымсыз шығармашылық ізденісте болғандығы баяндалады. Сонымен қатар атақты
жерлесіміздің мерейтойына орай көрме сөресі безіндірілген.