«Алып тұлғаның әдеби мұрасы» әдеби кеш

1991 жылғы 16 желтоқсан – төл тарихымыздағы мерейлі белес.
Бұл – егемен ел болуды аңсаған ата‐баба арманы ақиқатқа айналған ұлы күн.

Тәуелсіздік күнінің айрықша мән‐мағынасы бар. Азаттық үшін арпалысқан ұлт
перзенттерін ел жадында мәңгі сақтау – қасиетті парызымыз. Олардың отаншылдық
қасиеті – бүгінгі және болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі‐өнеге.

Тәуелсіздік – баға жетпес байлық. Бәріміз оны көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Мемлекетіміздің егемендігін, еліміздің амандығы мен жеріміздің тұтастығын
қорғау – әр азаматтың қастерлі борышы. Аталмыш тақырып бойынша Қ.Исабаев
атындағы орталық аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен З.Ақышев атындағы
ЖОББМ‐де “Тұғыры биік — Тәуелсіздік!” атты тарихи кеш мектеп
оқушыларының қатысуымен өткізілді.

Шара барысында оқушыларға Қазақстанның 1991 жылы тәуелсіздік алғанға
дейінгі тарихына шолу жасалып, «Тәуелсіздік» туралы видео көрсетіліп,
тақырыпқа сай сұрақ‐жауап қойылды. Гауһар Тлеухан “Тәуелсіздік таңы”
мен Надия Мұқан “Тәуелсіздік деген не?» атты өлең шумақтарын оқып берді.

Азаттықты аңсаған халықтың бірі – қазақ халқы. Тәуелсіздік халық үшін
үлкен жетістік екені еш дау тудырмайды. Азаттыққа жеткен кез – өте
маңызды оқиға, халқы­мыз­дың сан ғасырлық күресінің нәтижесі. Ең негіз­гісі,
қазақ жерінде мемлекеттілік қалыптасты. Сол мемлекеттіліктің арқасында
шекарамыз анықталды, ресми бекітілді, өзге жұрт мойындады.