Ақсан ауыл кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай
“Тәуелсіздік — Мәңгілік ел тұғыры” атты тарихи сағат өткізілді.
Мақсаты: Оқырмандардың ұлттық сана сезімдерін, саяси сауаттылықтарын ояту.
Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру.
Шара барысында Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 16 желтоқсанында
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихы кеңінен насихатталды.
Тәуелсіздік — қазақтың басты құндылығы. Қазақ елі үшін Тәуелсіздіктің
мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені, Тәуелсіздіктің арқасында қазақтың
тарихы түгенделіп, тілі, діні қайта жаңғырды. Мемлекеттің ұлттық рәміздері
қабылданып, ұлттық салт‐дәстүрі жанданғаны туралы айтылды. Тарихи таным
сағатына қатысқан оқырмандар өз пікірлерін, ойларын ортаға салды.