“Білімнің көзі кітапта” атты библиошар

Мұса Шорман ауыл кітапханасында қысқы демалыс кезінде кітапхана оқырмандарының
қатысуымен “Білімнің көзі кітапта” атты библиошар өткізілді.

Қатысқан оқырмандар «Білгір» мен «Тапқыр» тобы болып екіге бөлінді.
Екі топқа бірнеше шар үрленіп ішіне жұмбақ пен мақал‐мәтелдің жалғасын
табу жолы жасырынды. Дұрыс шешімін тапқан топқа ұпай беріліп отырылды.
Қатысқан оқырмандар белсенділік танытты.