«Дара туған тұлға» атты тақырыптық кеш

Патшалық Ресей заманында Мемлекеттік Думадағы Мұсылман фракциясының саяси бюросында
қазақ халқының мүддесін тұңғыш көтерген адам. Түркістанда құрылған Мұсылман орталығының
тұңғыш басшысы. КСРО құрамындағы қазақ халқының мүддесін шетелде жүріп қорғаған тұңғыш қазақ.

Алаш қозғалысының қайраткері, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, публицист, Түркістан автономиясы үкіметінің басшысы, ХХ ғасырдағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі,
саяси эмигрант Мұстафа Шоқайдың туғанына 135 жыл толуына орай Қ.Исабаев атындағы Аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Дара туған тұлға» атты тақырыптық кеші Баянауыл көпсалалы колледжінде студенттердің қатысуымен өткізілді.

Гуманист, ойшыл, демократ, энциклопедист, ағартушы Мұстафа Шоқай Орталық Азия және Қазақстан халықтары тарихы мен мәдениетінің мәселелерін көтерген, ағылшын, француз, неміс, түрік, араб тілдерін жетік меңгерген Мұстафа Шоқай бүкіл саналы ғұмырын шындық үшін күреске, Орта Азия
мен Қазақстан халықтарының намысын қорғауға арнады.

Шара барысында кітапханамыздың қорынан Мұстафа Шоқайдың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, әр жылдары жазылған шығармалары, қоғам қайраткерлерінің мақалалары мен
ақын-жазушылардың ол туралы мерзімді басылым беттерінде жарияланған естеліктері ұсынылды.