«Мәңгілік есте қалған тұлға» тарихи сағат

Лекер ауыл кітапханасында қазақ халқының белгілі қоғам қайраткері,
майдангер, әрі ұлағатты ұстаз, Ұлы Отан соғысының ардагері
Махмет Қайырбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай
«Мәңгілік есте қалған тұлға» атты тарихи сағат өткізілді.
Мақсаты: Махмет Қайырбаевтың өмірі мен еңбегін кеңінен насихаттау,
оның ерліктерін оқырмандарға жеткізу. Шара барысында Қайырбаевтың
өмір жолына арналған слайд фотоматериалдарды көрсетіліп, «Қазақтың
қайсар ұлы» атты кітап көрме ұйымдастырылды.