Жаңатілек ауыл кітапханасы мен Б.Хайдаров мектебінің кітапханашысы бірлесе отырып,
оқырмандардың қатысуымен қазақ әдебиетінің алып тұлғасы, тарихи романдардың хас шебері
Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай “Ізінен аңыз ерген — Ілияс Есенберлин”
атты тақырыпта әдеби кеш өткізді.
Мақсаты: Ілияс Есенберлиннің шығармашылығын дәріптеу, оның ұлттық әдебиетке қосқан
үлесін ұрпаққа насихаттау.