«Қазақ өлеңдерінің Қадыры» атты поэзия сағаты

Ақсан ауыл кітапханасында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы,
ақын Қадыр Мырзалиевтің туғанына — 90 жыл толуына орай «Қазақ өлеңдерінің Қадыры» атты
поэзия сағаты өткізілді.

Мақсаты: Әйгілі ақын, халық жазушысы Қадыр Мырзалиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы
мағлұмат беру, ақынның туындыларын әр өскелең ұрпақтың жүрегіне дарыту, қайталанбас
туындылары мен шығармашылығы қазақ поэзиясында ерекше орын алатындығын ұғындыру,
ақынымыздың өлеңдерін оқуға насихаттау.

Аталмыш іс-шара барысында ұлттық әдебиетіміздің ұлылығы, қазақ поэзиясының пырағы болып
саналатын Қадыр Мырзалиевтің ұлт әдебиетіндегі, жыр жинақтары мен тамаша әндерін
әдебиетіміз бен мәдениетімізге мол мұра қалдырғаны туралы айтылды.