М.Көпейұлы ауыл кітапханашысы мен Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы атындағы ЖОББМ-нің кітапханашысы
бірлесе «Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы бойынша таңдалған қазақ әдебиетінің
классигі, ХХ ғасырдың ұлы ақыны Жұмекен Нәжімеденовтің «Менің Қазақстаным» өлеңдері мен
дастандар жинағы, «Жаңғырық» өлеңдері мен поэмалары және аса дарынды қаламгер, ешкімге
ұқсамас өз үні, ешкімде қайталамас өзіндік жазу ерекшелігі бар жазушы Тәкен Әлімқұловтың «Телқоңыр» таңдамалы әңгімелері және «Тұлпардың тағдыры» атты әңгімелері қойылған кітап
көрмесі ұйымдастырылып, слайд көрсету арқылы қосымша мәлімет берілді, шығармалары
таныстырылды. Оқушыларға кітап оқуға кеңес берілді. Аталмыш іс-шара қызықты өтті.
Оқушылар ықылас қойып тыңдады.