«Ән көгінің сұңқары» атты әдеби сазды кеш

Ақсан ауыл кітапханасында «Кешкі кітапхана» жобасы аясында Композитор
Ш.Қалдаяқовтың туғанына — 95 жыл толуына орай «Ән көгінің сұңқары» атты
әдеби сазды кеш өткізілді.
Мақсаты: Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын, әндерін кеңінен насихаттау.

Шәмші Қалдаяқов — аты алты алашқа әйгілі, қазақ халқының ұлттық мақтанышына
айналған ұлы композитор. Ш.Қалдаяқов — бүкіл ел мойындаған, жалпы халықтың
шексіз сүйіспеншілігіне бөленген, қалын жұрттың қайнаған ортасынан шыққан
дара дарын, тума талант, аты көзі тірі кездің өзінде аңыз болып кеткен
бірегей өнер иесі.

Аталмыш іс-шара барысында халқымыздың рухани өмірі мен музыкалық
мәдениетіндегі Шәмші Қалдаяқовтың алатын орны орасан екені,
асыл азаматтың шығармашылық ғұмыры жайлы айтылды.