«Қазақ поэзиясының алыбы» атты әдеби кеш

Бірлік ауыл кітапханасында Халық жазушысы, ақын, аудармашы Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиевтің
90 жылдығына орай «Қазақ поэзиясының алыбы» атты әдеби кеш өткізілді. Ақын 1935 жылы
5 қаңтарда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. Кіші жүз Байұлы руының Байбақты руынан
шыққан. Бала кезінен ол кітаптарға қызығушылық танытып, Жымпиты аудандық кітапханасына
тұрақты келушісі болады. 11 жасында ол өзінің алғашқы өлеңнің жазады, онда ол өз
сыныбының оқушыларын әзіл түрінде сипаттаған екен.