Ақсан ауыл кітапханасында Қазақстан жазушысы Ілияс Есенберлиннің туғанына
110 жыл толуына орай «Әдебиет майталманы» атты әдеби кеш өткізілді.
Мақсаты; Қазақ халқының дара тұлғасы, ұлы жазушысы Ілияс Есенберлиннің
бай шығармашылығымен таныстыру. Халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларын
оқырмандар жүрегіне жеткізу.
Аталмыш іс-шара барысында Ілияс Есенберлин — қазақ халқының сан ғасырғы
тарихын көркем тілімен бейнелеп, қазақ елінің әдебиеті мен мәдениетіне
өлшеусіз үлес қосқаны жайлы кеңінен айтылды.