Лекер ауыл кітапханасында, Қазақтың белгілі тарихшысы, тарих ғылымдарының докторы,
профессор Ермұхан Бекмахановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Тұғыры биік тұлға»
тарихи тұлға сағаты өткізілді.
Ермұхан Бекмаханов Қазақстанның Х lХ ғасырдағы тарихын зерттеп, Кенесары Қасымұлы
бастаған ұлт-азаттық көтерілісті ғылыми тұрғыдан дәлелдеген алғашқы ғалымдардың бірі.
Ермұхан Бекмаханов — әділетсіздікдікке қарсы тұрған ғалым және қазақ тарихының ақиқатын
ашқан қайраткер.
Іс-шара барысында жас ұрпаққа өмір баяны мен еңбектері жайлы мәлімет беріліп насихатталды.