Ақсан ауыл кітапханасында Жазушы, ғалым, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,
Қазақстанның халық жазушысы Мағауин Мұхтар Мұқанұлының туғанына — 85 жыл
толуына орай «Мұхтар Мағауин — Қазақтың ұлы жазушысы» атты әдеби кеш өткізілді.
Кешке Д.Рахметов атындағы ЖОББМ — нің 9 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Оқырмандарға, оқушыларға Мұхтар Мағауин өмірі, шығармашылық жолы,
еңбектері туралы түсінік беру.
Аталмыш іс — шара барысында Мұхтар Мағауин өмірі, шығармашылық жолы жайында
кеңінен насихатталды. Сондай — ақ тұңғыш әңгімесі «Кешқұрым», «Бір атаның балалары»,
«Аласапыран» тарихи романы т.б. шығармалары туралы мағлұмат берілді.