Мәшһүр Жүсіп ауыл кітапханасында жазушы, тарихшы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,
Қазақтың ұлы жазушысы Ілияс Есенберлиннің туғанына — 110 жыл толуына орай
«Ұлт мақтанашы» атты әдеби вернисаж өткізілді.
Мақсаты: Оқырмандарға Ілияс Есенберлиннің еңбек жолымен қатар атақты шығармалары
туралы түсінік беру.
Іс-шара барысында Ілияс Есенберлиннің өмірбаяны, шығармашылық жолы жайында кеңінен
ақпарат берілді. Кітаптар «Қаһар», «Алтын Орда», «Қатерлі өткел», қазіргі заманның
өзекті тақырыбындағы «Алтын құс», «Айқас» кітаптары бойынша ақпарат алды.
Ұлы жазушының шығармалары тарихымыз бен мәдениетімізді дәріптеп, ұрпаққа жеткізу
жолындағы маңызды мұраларының бірі.