«Әдебиеттің алтын тұяғы»

Жаңатілек ауыл кітапханасында жазушы, ғалым, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,
Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мұқанұлы Мағауиннің туғанына 85 жыл толуына
орай «Әдебиеттің алтын тұяғы» атты тақырыпта Б.Хайдаров мектебінің 7 сынып
оқушылары мен кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен портрет кеші өткізілді.
Шара барысында жазушының өмірбаяны мен шығармаларын таныстыра отырып,
кітаптарына шолу жасалды.