Майқайың кітапханасында, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында әдеби подиум өткізілді.
Іс‐шарада белгілі қазақ қаламгерлері Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің
шығармашылығы талқыланып, олардың әдеби мұрасының маңыздылығы мәлімделді.
Оқырмандар жазушылардың өмірі мен еңбектері туралы мағлұмат алып, шығармаларынан
үзінділер оқыды. Бұл кездесуде қатысушыларға қазақ әдебиетінің алтын қорына
енген туындылар насихатталды.