«Туған өлкенің тарихы мен жетістіктері» атты әңгіме шолу

Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында, мектеп ұстаздарынвң қатысуымен
«Туған өлкенің тарихы мен жетістіктері» атты әңгіме шолу өткізілді.
Шара барысында ауылымыздан шыққан танымал тарихи тұлғалар туралы әңгіме жүргізілді.
Өлкенің белгілі ақын‐жазушыларының шығармашылығы мен өнер түрлері туралы баяндалды.
Шара соңында қатысушылар туған өлкелерінің тарихы мен жетістіктері туралы біраз
мәлімет алғаны үшін алғыстарын білдірді.