Аймауытов ауыл кітапханасында Қазақстанның көрнекті жазушысы Ілияс Есенберлиннің
туғанына 110 жыл толуына орай «Ілияс Есенберлин және оның әлемі» атты портрет кеші өткізілді. Мақсаты: Оқырманға қазақ халқының дара тұлғасы, ұлы жазушысы Ілияс Есенберлиннің өмірі мен ұшаң теңіз шығармашылығын дәріптеу, оның ұлттық әдебиетке қосқан үлесін келешек ұрпаққа насихаттау.