Ақсан ауыл кітапханасында Ақын, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының және Физули атындағы
халықаралық сыйлықтың лауреаты, Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай
«Жүрегі жырдан жаралған» атты поэзия кеші өткізілді.
Мақсаты: Тұманбай Молдағалиевтің ақындық талантын оқырмандар жүрегіне ұялату арқылы
поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен
маңызын түсіндіру, рухани танымдарын кеңейту.
Шара барысында қазақ халқының қайталанбас ірі тұлғаларының бірі
Тұманбай Молдағалиевтің шығармашылығы кеңінен насихатталды. Артында өлшеусіз
мол рухани мұра қалдырды. Т.Молдағалиев нәзік сырлы да, ойлы да отты жырларымен
танылды. Қазақ елін өзінің терең үнді, тамылжытқан нәрлі жырларымен сусындатқан
ақын екендігі жайлы мағлұмат берілді.