«Шоқтығы биік тұлға» атты тарихи сағат

Егіндібұлақ ауыл кітапханасында, ғалым — ағартушы, шығыстанушы, этнограф,
фольклорист, саяхатшы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай
кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Шоқтығы биік тұлға» атты
тарихи сағат өткізілді.
Шара барысында Шоқан Уәлихановтың өмір жолы туралы мәліметтер беріліп,
деректі фильмі көрсетілді.