Торайғыр ауыл кітапханасында Ауған соғысының ардагерлер күніне орай
«Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет» атты оқырмандардың қатысуымен
дөңгелек үстел өткізілді. Кешіміздің қадірлі қонағы жалындаған жастық
шақтарын отты жылдарда өткізген ер жүрек батыр ағаларымыз Торайғыр
елінің тумасы Серік Кәрібайұлы Әшірбеков пен Қажығали Құдайбергенұлы
Капанов ардагерлеріміз. Шара барысында қаһарман жауынгерлерге оқырмандар
тарапынан сұрақтар қойылып, өлең-жырлар айтылып, ағаларымыз отты жылдардағы
естеліктерін айтып, патриоттық рух жігер мен намыс қай заманда болсын әр
азаматтын бойында болуы туралы мәлімет айтты