«Жыр жүйрігі — Мұқағали Мақатаев»

Қаратомар ауыл кітапханасы ауылдық мәдениет үйімен бірлесе
«Жыр жүйрігі — Мұқағали Мақатаев» атты поэзия сағатын өткізді.

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931 жылы дүниеге келіп, 1976 жылы дүниеден өткен).
Шын есімі Мұхаммедқали. Қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық
бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілері үшін мәртебесі биік тұлға, ақиық ақын.
Ол 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының
Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның
9 жұлдызында тойланады.
Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы
мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері — Тоқтарбай мен Көрпеш.