Құндыкөл ауыл кітапханасында, Жазушы, халық қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры,
қазақтың әйгілі әскери қолбасшысы, Ұлы Отан соғысында даңқы шыққан стратег
және тактик Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл (1910 — 1982) толуына орай
«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты тарихи тұлға сағаты өткізілді.
Шара барысында XX ғасырдың ең жарқын тұлғасы, көрнекті жазушы, шығармаларын
қазақ және орыс тілінде жазған Бауыржан Момышұлының өмір жолы туралы мәліметтер
беріліп, кітап кермесі ұйымдастырылып, шығармалары насихатталды.