«Дарынды ғалым, ұлағатты ұстаз» атты тарихи панорама

Жаңатілек ауыл кітапханасында, тарихшы, ғалым, тарих ғылымының докторы,
профессор, Қазақ КСРО ғылым академиясының корреспондент мүшесі
Ермұхан Бекмаханұлы Бекмахановтың туғанына 110 жыл толуына орай
«Дарынды ғалым, ұлағатты ұстаз» атты тарихи панорама өткізілді.
Шара барысында жас ұрпаққа ғалымның өмірбаяны мен еңбектері жайлы
мәлімет беріліп, қысқаша бейнебаян көрсетілді.