“Еңбекпен келген бақыт” атты таным сағат

Мұса Шорман ауыл кітапханасында “Коммуникация” орталығында Ұлы Отан соғысының
қатысушысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет
қайраткері Қалмұқан Исабаевтың туғанына 100 жыл толуына орай “Еңбекпен келген
бақыт” атты кітап көрме безендіріліп, алтыншы сынып оқырмандарының қатысуымен
таным сағат өткізілді. Оқырмандарға жазушының өмір жолдарына тоқтала отырып
бейнероликтер көрсетілді.