Аймауытов ауыл кітапханашысы мен Ж.Аймауытов атындағы ЖОББМ кітапханашысы бірлесе
«Бір ел- бір кітап» республикалық акциясы аясында «Жыл таңдауын бірге оқиық» атты
әдеби сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында әдебиетіміздің асыл мұраларын насихаттап, оқырманның әдеби
талғамын арттырып, жас ұрпақты ұлттық құндылыққа баулу мақсатында, оқырмандарға
әдебиетімізде өзіндік қолтаңбаларын қалдырған ақын, жазушы,әдебиет сыншысы
Тәкен Әлімқұлов және ақын, жазушы, аудармашы Жұмекен Нәжімеденовтің шығармаларымен
таныстырылып, мәлімет берілді.