«Әлемнің ойшылы — Әл Фараби» атты тарихи тұлға сағаты

Ақсан ауыл кітапханасында Философ, ғалым — энциклопедист, шығыс аристотелизмінің негізгі өкілдерінің бірі Әбу Насыр әл — Фарабидің туғанына — 1 155 жыл толуына орай «Әлемнің ойшылы — Әл Фараби» атты тарихи тұлға сағаты өткізілді.

Әбу Насыр әл — Фараби — дүниежүзіне әйгілі ұлы ғалым. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, «Шығыстың Аристотелі» атанған. Әбу Насыр әл — Фараби орта ғасырда қазақтың ежелгі қаласы Отырарда дүниеге келген.

Әбу Насыр әл — Фараби 150 — 200 ден астам ғылыми еңбек жазған. Оның ішінде
» Музыканың ұлы кітабы», «Әлеуметтік этникалық трактаттары», «Философиялық трактаттары» т.б. еңбектері әлемге әйгілі, ғылымның дамуына жол ашты.

Аталмыш іс — шара барысында халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен аса ірі тұлға Әбу Насыр Әл — Фараби шығармалары, мұрасы кеңінен насихатталды.