«Еңбек елдің көркі, ер елдің көркі» атты сыр сұхбат

Ақсан ауыл кітапханасында, Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Еңбек елдің көркі,
ер елдің көркі» атты сыр сұхбат өткізілді.

Аталмыш іс-шараға прораб Садыков Ерсін ағамыз, механизатор Қ.Айтмаханов
ағаларымыз қатысып өздерінің ойларымен бөлісті.

Қарапайым еңбек адамы — қоғамның мызғымас бір бөлшегі және мемлекеттің өркендеуіне
үлес қосушылар. Адал еңбек еткен жұмыскерлерге қоғам болып алғыс білдіру.