«Қарымды қаламгер» атты әдеби кеш

Сәтбаев ауыл кітапханасы мектеп кітапханасымен бірлесіп, Жазушы, филолог,
қазақ фольклор зерттеушісі, қоғам қайраткері, Мұхтар Мағауиннің туғанына
85 жыл толуына орай «Қарымды қаламгер» атты әдеби кеш өткізілді.
Шараға жас оқырмандар қатысып, оларға белгілігі жазушының өмірбаяны мен
еңбек жолы туралы деректер таныстырылды.
Қаламгердің шығармалары жайлы айтылып, әдеби туындылары оқуға ұсынылды.
Шараның мақсаты оқырмандарды Мұхтар Мағауиннің туындыларына
қызығушылықтарын арттырып, кітап оқуды насихаттау.