«Ұлы даланың күйшісі» атты өнер сағаты

Тәттімбет Қазанғапұлы – қазақтың әйгілі күйші‐композиторы, дәулескер домбырашы,
күй өнеріндегі Арқа мектебінің негізін қалаушы.

Тәттімбет Қазанғапұлы қазақтың шертпе күй дәстүрінің негізін қалаушылардың бірі
болды. Оның күйлері көбінесе баяу, ойлы, терең мағыналы болып келеді.
Күйлерінде табиғат көріністерін, халықтың мұңын, елдің арманын, өзінің
өмірлік толғаныстарын суреттеген.

Тәттімбет тек күйші ғана емес, өз заманында елдің саяси өміріне де араласқан
тұлға. Ол Қарқаралы дуанының аға сұлтаны болған Шыңғыс Уәлихановтың
(Шоқан Уәлихановтың әкесі) кеңесшісі болып, билікке қатысқан. 1842 жылы
Ресей патшасы Николай І‐нің қабылдауында болып, ерекше құрметке ие болған.

Ағымдағы жылда Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына 210 жыл толып отыр.
Сол себепті, Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханасында Баянауыл
көп салалы колледжінің студенттерімен «Ұлы даланың күйшісі» атты
өнер сағаты өткізілді.

Шара, Жаяу Мұса атындағы Баянауыл балалар өнер мектебінің домбыра
сыныбының ұстазы Мадияр Теміржан мен Ш.Айманов мектебінің 6 сынып
оқушысы Құрманғазы Мәдидің күйлерінен бастау алып, колледж шәкірттеріне
күйші Тәттімбет жайлы деректі фильм көрсетілді. Сондай‐ақ, шара барысында
студенттерге қазақтың ұлттық аспаптарына қатысты «додэкаэдр» пішінінде
құрастырылған QR‐кодты викториналық ақпараттар ұсынылды.