Жұмат Шанин ауыл кітапханасы және Қ.Кеменгеров ат.ЖОББМ тарих пәнінің
мұғалімі Т.Сембеков, Қазақ тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының докторы,
профессор Е.Бекмахановтың туғанына 110 жыл толуына орай
«Тарих ғылымының ерен тұлғасы» атты тарихи тұлға сағаты өткізілді.
Шара мақсаты: Е.Бекмахановтың өмірі мен қызмет орындары туралы рухани
білім беру, өскелең ұрпаққа тарихымызды насихаттау.