“Кітапті сүйіп оқы, көңілге түйіп оқы” -демекші, Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық
кітапханасында “Кітапхана терапиясы” жобасы аясындағы жұмыс өз жалғасын табуда.
Оқырмандармен жұмыс жасаудағы басым бағыттардың бірі — тұрғындардың оқуға деген
қызығушылықтарын арттыру, көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту, жаңа кітаптарды
насихаттау арқылы кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру.