Ақсан ауыл кітапханасында 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай
«Ана деген тіршіліктің тірегі» атты кездесу кеш өткізілді.
Көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген
ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар өмірдің гүлі,
көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.
Шарамыздың қонағы көп балалы ана, күміс алқа иегері Надия Жайлаубайқызы
шақырылды. Шара барысында ананың қоғамдағы орны, жалпы өміріміздегі
мәні туралы түсініктер айтылды.