Мұса Шорман ауыл клубында, клуб ұжымымен және кітапханашымен бірлесе, Халықаралық
аналар күніне орай “Әжелер өмір шуағы” атты сайыс өткізілді. Сайыс алты шарттан
болды. Ауылымыздың ақ жаулықты аналарымыз Сандуғаш әже, Әминаш әже және Күмісай
әжелер сайысқа қатысты. Сайысымыз өз дәрежесінде өтті. Жас бүлдіршіндер мың
бұралып билеп әже туралы әндерін ортаға салды. Өз өнерлерін көрсеткен әжелерімізге
сайысқа қатысқандары үшін деген алғыс хаттар табысталып силықтар берілді.