«Қыз қылығымен көрікті»

Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында «Қыз қылығымен көрікті» атты диалог алаңы
ұйымдастырылды. Шара барысында қазақ қыздарының ұлт тәрбиесіндегі рөлі
олардың нәзіктігі мен әдептілігін, рухани сұлулығын, мәдениетін және
өмірдегі орнын атап өтіп, келіндер өздерінің өмірбаянынан қызықты
сәттермен бөлісті. Шара соңында қатысушылар кітап көрмемен таныстырылды.