“Бір ел — бір кітап” республикалық акциясы аясында, қазақ әдебиетін насихаттау,
қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын
зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана
тіліне деген құрметін көтеру мақсатында көрнекті жазушысы, ақын, сыншы, аудармашы,
суреткер Тәкен Әлімқұловтың шығармаларын оқу ұсынылған болатын. Осыған орай,
З.Ақышев атындағы ЖОББМ-де, Қ.Исабаев атындағы Аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен
ақын Т.Әлімқұловтың шығармашылығына арналған “Тәкен — қазақ әдебиетінің тарланы” атты
порттреттік кеші 8 — сынып оқушыларының қатысуыменен өткізілді.
Шара барысында жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы бейнеролик көрсетіліп,
“Қараой” әңгімесінің мазмұны түсіндірілді, яғни, әңгіменің басты тақырыбы бойынша
жазушының жеткізбек болған ойларын жас оқырмандарымызға түсіндіріліп, насихатталды.