Бірлік ауыл кітапханасында, танымал қазақ жазушысы Калмұқан Исабаевтың (1925-2015) өмірі
мен шығармашылығына арналған «Ғибратты ғұмыр иесі» тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Жазушы,
журналист, өлкетанушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмұқан Исабаев Павлодар облысы Баянауыл
ауылында туған. 30-дан астам пьесалардың, повестердің, әңгімелердің, очерктер мен романдардың
авторы. Ол қазақ жазушыларының ішінде бірінші болып еуропалықтардың өмірін кітаптарда бейнелеген.
Қ. Исабаевтың бастамасымен 2000 жылы Берлиндегі даңғылдардың біріне қазақтың ұлы ойшылы
Абайдың есімі берілген.
Әдеби кешке қатысушылар – Жылбек Ағаділов ЖОББ мектебінің оқушылары жазушының қызықты
өмірбаянымен танысты.