«Амал келді — жыл келді» атты дәстүр кеші

Жаңатілек ауыл кітапханасы мен мәдениет үйінің қызметкері бірлесе отырып,
14 Наурыз көрісу күніне «Амал келді — жыл келді» атты дәстүр кешін өткізілді.
Бұл күні таң атысымен халық қыстан аман — есен шыққанына, көктемге аяқ басып,
туыс-туған, көрші-қолаңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады.
Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді.