Лекер ауыл кітапханасымен ауылдық клубы бірлесе ұйымдастырған Көрісу күні — Амал
мерекесіне орай «Амал келді, жыл келді» дәстүрді жаңғырту көрінісі өткізілді.
Көрісу күні – адамдардың бір-бірімен амандасып, жаңа жылға аяқ басқанын білдіретін
дәстүрлі мейрам. «Амал келді» деген сөз – табиғаттың жаңаруын, қыс мезгілінің аяқталып,
көктемнің келуін білдіреді.
Ал «жыл келді» тіркесі – ескі жылмен қоштасып, жаңа жылды қарсы алу мағынасын береді.
Бұл күнде жұрт бір-бірімен қол алысып, амандық — саулық сұрасып, кішілер үлкендерге
сәлем береді.
Көрісу күні – тек амандасу емес, татулықты, бауырмалдықты, сыйластықты дәріптейтін күн.