14 Наурыз — Көрісу мейрамы

14 Наурыз — Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде жалпы қазақ қыс мезгілінен
аман‐есен шыққанына қуанып, бір‐бірімен қол алысатын, ағайын‐туыс
амандық‐саулық сұрасып, өкпе‐реніш кешірілетін күн.

Айтулы күні, мерекелік шараға Республикалық «Қазақ аналары — Дәстүрге жол»
қоғамдық бірлестігінің мүшелері шақырылып, ақ жаулықты аналарымыз
оқушылармен қазақ халқының салт‐дәстүрі жайлы қызықты мәліметтерімен бөлісті.

Сонымен қатар, мерекелік шара шегіне жеткенде оқушыларға кітапхана
қызметкерлерінің дайындаған көрнекіліктері таныстырылып, сұрақ‐жауап ойыны ойнатылды.