«Сұлулық пен парасаттың жыршысы»

Қыз Жібек — қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастан.
«Қыз Жібек» жыры — аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған
адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері — Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын
сүйген ғашықтар, бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен
Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды.
Жібек бейнесі — сұлулық пен әсемдіктің нышаны, қазақ халқының мақтанышы,
рухани ескерткіш.
«Қыз Жібек» жыры екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде Төлегеннің Жібекке
үйленуі әңгімеленсе, екінші бөлімде Жібектің Сансызбаймен қосылғаны баяндалады.
Екі бөлім — екі оқиғаны жырлайды, бірақ сюжет біреу: жігіттің үйленуі.
Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Қыз Жібек»
лиро-эпостық дастанға арналған «Сұлулық пен парасаттың жыршысы» атты шарасы
ШЖК Баянауыл аудандық ауруханасының қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді.