Қазақ халқында балаға қатысты наным-сенімдер өте көп. Қазақтар балаға, әсіресе бала
тәрбиесіне көп көңіл бөлген халық. Жалпы бала дүниеге келгеннен бастап, есейген шағына
дейін 20 шақты әдет-ғұрып жасалады. Қазақ халқы секілді баланы ерекше қадірлеп, көңіл
бөлетін халық жоқ десек те артық болмас.
Үшқұлын ауыл кітапханасы мен ауылдық клубы бірлесе, 17 Наурыз — «Мәдениет және ұлттық
салт-дәстүр күнін» атап өту мақсатында, ата-бабамыздан қалған ұлттық әдет ғұрыптың бірі
«Тымаққа салу», «Тұсаукесер» салтын назарларыңызға ұсынады.