«Қош келдің, наурыз» атты ұлттық дәстүр шарасы

Әрбір ұлттың тарихи өткені мен мәдениеті – оның болашағына негіз қалаушы маңызды факторлар.
Қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен салт-дәстүрі – ұлттың рухани байлығының негізі екені
сөзсіз. Бүгін – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. 17 наурыз – Мәдениет және ұлттық
салт-дәстүр күні еліміздің ұлттық мұрасына деген құрметімізді арттырып, оны болашақ ұрпаққа
жеткізудің маңыздылығын айқындайды. Осыған орай, Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Қош келдің, наурыз» атты ұлттық дәстүр шарасы Ш.Айманов атындағы ЖОББМ-де
8а — 8ә сынып оқушыларының қатысуыменен «Тұсау кесу» рәсімі оқушыларға көрсетіліп, насихатталды.