Қазақ халқының басты құндылықтарының бірі салт-дәстүр. Қазақтың салт-дәстүрін
дәріптеу мақсатында, Аймауытов ауыл кітапханасында «Шамшырақ» клубы мүшелерінің
қатысуымен «Бабалар дәстүрі, ұрпаққа өсиет» атты тақырыптық кеште, ел жанында
сақталған еліміздің салт-дәстүрі ‘Бесікке салу» дәстүрі көрсетіліп, барлық
жол-жоралғылары мен ырымдары орындалды.