Ақсан ауыл кітапханасында «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында Тәкен Әлімқұлов
«Қарымы мол қаламгер» атты шығармалары насихатталды.
Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік жазушының бірі — Тәкен Әлімқұлов. Т.Әлімқұлов
алпысқа жуық әңгіме, жеті повесть, екі роман, үш өлеңдер жинағы, қаншама сын
мақала жазған қаламгер әр туындысына ұлттық өнер мен салт — дәстүрді, қазақы
болмысы мінезді терең біліммен, шырайлы тілімен суреттеген. Тәкен Әлімқұлов
шығармашылық жолын өлеңмен бастаған, алғашқы өлеңін он төрт жасында жазған екен.
Шараның негізгі мақсаты Т.Әлімқұловтың шығармаларын насихаттау, қоғамның кітап
оқуға деген қызығушылығын арттыру. Іс-шара барысында Тәкен Т.Әлімқұловтың «Тұлпар
тақылеттес тұлға», «Ақ боз ат», сегіз томдық шығармалар жинағы насихатталды.