«Қош келдің, әз Наурыз!»

Ұлыстың ұлы күні — ата-баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн.
Наурыз мейрамы — бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн.
Көктем мен Жаңа күн мерекесі. Осындай көктемнің жаймашуақ күні Майкөбе ауылдық
клубында, Шөптікөл ЖОББ мектебінің ұжымы, ауыл кітапханасы және клуб ұжымының
бірлесе ұйымдастыруымен «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өткізілді.