Үшқұлын ауыл кітапханасы, ауылдық клубының ұжымдары «Ұлттық киім — бәрімізге жарасар» атты
ұлттық киім байқауын ұйымдастырды. Мерекелік шараға кішкентай баладан бастап жасы үлкен
ата-әжелер, жастар қатысты. Ұлттық киім сән үлгісінің керемет көрсетілімі болды, шара
«Қазақтың ұлттық киімдері» атты викториналық сұрақ-жауаппен жалғасты. Қатысушыларымыз
«Қара жорға» биін билеп, тамаша әсер алды. Әділқазылар алқасының шешімімен ұлттық киім
сән байқауына қатысқандар сыйлықтармен марапатталды